Сәтбаев университеті «Қамқор Менеджмент» компаниясы басшыларының VII жыл сайынғы кездесуіне қатысты
Сәтбаев университеті «Қамқор Менеджмент» компаниясы басшылары мен «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалы кәсіби одағы өкілдерінің VII жыл сайынғы кездесуіне қатысты. Кездесу Нұрсұлтан қаласында 5 қыркүйек күні өтті.
Конференция барысында Сәтбаев университеті алдағы серіктестік жөнінде таныстырып, «Қамқор Менеджмент» компаниясы мен Сәтбаев университетінің ынтымақтастық қарым-қатынасы туралы меморандумға қол қойды. Кездесу соңында «Қамқор Менеджмент» компаниясының бас директоры Диас Сүлейменов өз компаниясының қызметкерлеріне университетте тегін оқуға құқық беретін 10 грант тапсырды.
«Қамқор Менеджмент» компаниясы – Қазақстан темір жолы саласында үздік қызмет көрсетуші, әрі мықты эксперт болып табылады. Ынтымақтастық қарым-қатынастың алғашқы сатысы ретінде бейінді магистратура бөлімінде «Менеджмент және басқару» бағдарламасы бойынша кәсіби мамандарды даярлайтын білім беру жобасы танылып отыр.
Келесі жылы екі компания бірлесе отырып, «Қамқор Менеджмент» компаниясының қызметкерлеріне екінші жоғары білім, магистратура және докторантура бағыттары бойынша жүйелі түрде білім беру үрдісін енгізіп, оны әрі қарай дамытуды көздеп отыр. Ал мамандарды даярлау инженерлік-техникалық, Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, Жобаларды басқару бағыттары бойынша жүргізіледі.