23 қыркүйек 2025
343
Сәтбаев университеті қазақ тілінен жалпы диктантқа қатысуға шақырады

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында және Қазақстан халқы Тілдер мерекесіне орай жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жаппай диктант» оқу-ағарту акциясына қатысып, мемлекеттік тілді қолдауға шақырамыз.
Бұл іс-шараның мақсаты – қазақ тілінде ақпаратты тыңдап, сауатты жазуды насихаттау және зейінді арттыру.
Іс-шара 2025 жылы 24 қыркүйекте сағат 11.00-де университеттің бас оқу ғимараты (БОҒ) 343, 345-ші дәрісханаларда өтеді.
Диктантта жоғары нәтиже көрсетуге тілектеспіз!