Сәтбаев Университеті Қазақстандағы Халықаралық білім беру институтының (ХБИ) өкілін қабылдады
Сәтбаев Университетіне Халықаралық білім беру институтының (ХБИ) Еуразия өкілдігінің басшысы, Steppe Global Education Foundation білім беру орталығының жетекшісі Джоэл Эриксон келіп, американдық және қазақстандық университеттер арасында өзара студенттер мен оқытушылар алмастыруға бағытталған бастама көтерді. Қонақты университет ректоры Мейрам Бегентаев қабылдады.
Джоэл Эриксон – Қазақстан–Америка университеттері консорциумының өкілі, бұл ұйым Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің демеушілігімен және IIE – Steppe Global Education Foundation басқаратын серіктестік бағдарламасы аясында дамып келеді. Консорциумның мақсаты – қазіргі байланыстарды нығайту және АҚШ пен Қазақстан университеттері арасында жаңа инновациялық серіктестіктерді құруға ықпал ету.
Бұл байланыста өзара қарым-қатынас басты рөл атқарады, сондықтан кездесуде тілші-оқытушыларды алмастыруға көп көңіл бөлінді, өйткені олардың миссиясы – консорциум құрамына кіретін университеттердің студенттері мен оқытушыларына ағылшын, орыс және қазақ тілдерін үйренуге көмектесу болып табылады.
– Ынтымақтастық қарым-қатынас пен оқу ісіне кедергі жасайтын басты себептің бірі – ағылшын тілін білмеу», – деді Джоэл Эриксон кездесу барысында. Сондай-ақ ортақ тілде сөйлесуге қабілетті инновациялық қауымдастық құру – ынтымақтастық қарым-қатынас жолындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Кездесуде талқыланған тағы бір маңызды мәселе – ерекше қажеттілікті талап ететін студенттерге арналған жазғы демалыс мектептері. Келесі жылы осындай ерекше студенттер үшін жатақханаларды арнайы бейімдеу жоспарлап отыр, сонда американдық студенттер жазғы екі-үш айлық қысқа бағдарламалар кезінде Қазақстанның ғажайып сырларымен таныса алады. Сәтбаев Университетінің «Инклюзивтік орталығы» тұрақты даму тәжірибесін нығайту аясында университеттің инклюзивті білім беру саласындағы барлық мүмкіндіктерін ұсынуға дайын.
Академиялық мәселелер бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас бағдарламалары іске қосылғаннан кейін, консорциумға мүше университеттер арасында ғылыми жобаларды коммерцияландыру және инновациялық серіктестіктерді іздестіру бағдарламасы ұйымдастырылады. Консорциум мүшелері сонымен қатар стратегиялық жоспарлау, жеке тәлімгерлік, виртуалды және жеке кездесулер бойынша көмекке қол жеткізе алады.