Сәтбаев Университеті «Компьютерлік ғылым және технология – Computer Science & Engineering» бағдарламасын ашуда
Нарық жағдайында мамандарға деген сұраныс үздіксіз өзгереді. «Сколково» Ресей сарапшылар инновациялық орталығының пікірінше, 2020 жылға қарай бухгалтерлер, заңгерлер, нотариустар, call-орталық мамандары, тіпті такси жүргізушілері сұранысқа ие болмай қалады. Олардың орнын компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламашылар басады.
Бұл машиналық оқыту – алгоритмдер, жүйенің қабілетті жағдайын талдауға, бейімделуге, оқуға мүмкіндік береді. Сондықтан да алдағы 20 жыл машиналық оқыту және үлкен деректерді талдау мамандары ең қажетті деп саналмақ. Бұл үрдісті ескере отырып, Satbayev University «Ақпараттану», «Ғарыштық техника және технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша оқыту бағдарламаларын біріктіріп, «Компьютерлік ғылым және технологиялар – Computer Science & Engineering" (CS&E) жаңа бағдарламасын әзірледі.
Біріктірілген білім беру бағдарламасы – сабақтас мамандықта оқитын студенттердің оқуға деген жаңа көзқарастарын қалыптастырады. Алғашқы екі оқу жылында студенттер математикалық анализ, алгоритмдер теориясы, қазақ және ағылшын тілдерінен жалпы базалық білім алады. Одан әрі олар мамандықты таңдайды және дипломда жазылатын мамандықты оқи бастайды. Мұндай тәсіл бойынша ұзақ уақыт және одан кейін де сабақтас салаларда жаңа технологияларды қолдану өзекті болады және сұранысқа ие маман болуды игеруге мүмкіндік береді.
Computer Science & Engineering бағдарламасы АҚШ және Европада Cambridge University, University College London, MIT, Carnegie Mellon University мен Stanford University зерттеу және инженерлік университеттерінде әзірленген.
Бұл бағдарлама теория және іс-тәжірибе жүзінде болашақ түлектерге ақпараттық технологиялар әлеміндегі жылдам өзгерістерге оңай бейімделуге мұмкіндік беруімен ерекшеленеді.
Мамандар компьютерлік ғылымдар мен технологиялар саласында код жазатын бағдарламашылар ретінде жұмыс істейді, сондай-ақ машиналық оқыту және data science үлкен жобалар мен жүйені әзірлейтін саланы жүргізетін инженер-бағдарламашылар жұмыс жасайды.
«Software Engineer» маманы – инженерлік дипломы бар, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру кезінде инженерлік пәндерді игерген, жеткілікті білімі мен дағдыларды қолдана білетін кәсіби маман. Ол функционалдық өнімді және жаңа нұсқаларды әзірлейді.
«Computer Scientist» маманы – математикалық талдау саласында тереңдетіле дайындалған бағдарламашы және ол есептеу машиналары мен жүйелер теориясы негізінде маманданады. Олар компьютерлік жобалауды қалай істеу керектігін, сол немесе өзге жабдықтарда қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді. Олардың жұмысы бағдарламалауды дамыту үшін үлкен орын алады.
«Компьютерлік ғылым және технология» – «Computer Science & Engineering» бағдарламасы дәл осы «Software Engineer» және «Computer Scientist» бойынша мамандарды дайындауға бағытталған.
Студенттердің мамандануы тоғыз пәнмен қамтылған анықталған траектория бойынша өтеді. Мамандандырылған пәндер тректері болашақ инженерге қосымшалар әзірлеуде, деректерді өңдеуде, бизнес-талдауда, компьютерлік желілерде, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінде, ғарыш деректерін өңдеу және т. б. салаларда жоғары деңгейлі білікті маман болып шығуға көмектеседі.
Бұл бағдарлама Ақпараттық технологияларды қолдану саласында екінші академиялық мамандық (minor) алуға мұмкіндік береді.
CS&E бағдарламасын таңдау – бұл сіздерге маман ретінде еш күмәнсіз сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін озық технологиялар әлемі.