Ақпарат:

28 сәуір 2025 608

Сәтбаев университеті көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетіп, Times Higher Education Азия рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Сәтбаев университеті көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетіп, Times Higher Education Азия рейтингінде өз орнын сақтап қалды

THE Asia 2025 Rankings агенттігі Азия университеттерін негізгі бес критерий бойынша бағалады: оқыту сапасы, зерттеу сапасы, зерттеу ортасы, өндіріс орындарымен өзара қатынасы және халықаралық ынтымақтастық. Қазақстанның жетекші техникалық университеті Times Higher Education рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша өз орнын сенімді түрде сақтап қалды.

2025 жылғы рейтинг бойынша Сәтбаев университеті 2024 жылғы 600+ деңгейіндегі позициясын сақтап қалды, ал рейтингте ұсынылған көрсеткіштер бойынша, жалпы қазақстандық университеттердің позициялары төмендегенін байқауға болады. Бұл өз кезегінде университет дұрыс даму бағытын сенімді түрде ұстап келе жатқанын және келесі кезекте жоғары позицияда болатынын көрсетеді.

Негізгі жетістіктер:

  • Халықаралық ынтымақтастық саласы бойынша даму көрсеткіші 2024 жылғы 68.7/100 көрсеткішінен 2025 жылы 77/100-ге дейін қарқынды түрде өсіп, Назарбаев университеті (73,5) мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (52,6) сияқты қазақстандық университеттерді айналып өтті.
  • Өнеркәсіппен байланыс деңгейінің көрсеткіші (29,7) Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (16,1) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (18,3) сияқты бірқатар жетекші университеттерден де жоғары болып шықты.
  • Оқыту сапасы, ғылыми-зерттеу және ғылыми орта көрсеткіші бойынша Сәтбаев университеті соңғы 3 жылда тұрақты түрде өсіп келеді: 2021 жылы 43,4-тен 2025 жылы 77-ге дейін көтерілді.

Жалпы аймақтық позициядан басқа, Сәтбаев университеті Impact Ranking көрсеткіштерін де сақтап қалды, бұл БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге ықпал ету деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту