Сәтбаев университеті ҚР Мемлекеттік хатшысын ғылыми жұмыстарымен таныстырды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев 10 қазан күні Сәтбаев университетіне келді. Ректор Искандер Бейсембетов университет жұмысы туралы қысқаша баяндап берді. Аз ғана уақыт аралығында университетте көптеген тың өзгерістер болып, елдегі техникалық жоғары оқу орындары арасында біздің университет алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондай-ақ жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындарының үздігі атанып отыр.
Сәтбаев университеті – еліміздің индустриясына қажетті жаңа технологияларды өндіретін техникалық зерттеу университеті, оның зерттеулері жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып жүргізілетін қолданбалы ғылыми өңдеулерге негізделген, деп атап өтті ректор.
Жаңа ІТ-жобалармен таныстыра отырып, басқарушы директор Владислав Ким «Тиімділікті басқару орталығы» және «Интеллектуалдылық туған жер» атты тамаша жүйелер жөнінде, Baiterek Development АҚ-ның тапсырысы бойынша жасалған «Интеллектуалды-сараптамалық орталық» жобасының нәтижелері туралы айтып өтті. Бұл жоба тұрғын үйлер құрылысының жұмысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ғылым мен техника саласы бойынша ұсынылған «SmartTran» жобасы туралы да сөз болды.