Сатбаев Университеті құрылыс саласы бойынша ашық дәрістер мен семинарларға шақырады
Т.Қ. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында 2023 жылғы 20 қарашадан 15 желтоқсанға дейін студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірісі және технологияның өзекті бағыттары бойынша ашық дәрістер мен семинарлар өткізілетінін хабарлайды. Ұйымдастырушы: "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасы.
Спикер: Рh.D. Гинтаутас Скрипкиунас, профессор, Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университеті, Құрылыс факультеті, Вильнюс, Литва.
Сондай-ақ, профессордың сапары барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру» бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде Құрылыс және құрылыс материалдары саласында технологиялық парк құру бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланады.
Уақыты мен орны: 271 ТМК, апта сайын сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері: 10:00 – 13: 00.