Ақпарат:

13 наурыз 2025 1258

Сәтбаев университеті қытайлық әріптестерімен көлік инженериясы саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Сәтбаев университеті қытайлық әріптестерімен көлік инженериясы саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Сәтбаев университетінде М.Тынышпаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты (ҚХР) өкілдерінің кездесуі өтті. Екі елдегі әріптестер Қазақстан мен Қытай арасындағы жүрдек теміржол көлігін дамыту бойынша бірлескен жұмыс жобасының келешегін талқылады.

Тартымдылық және энергетика институтының басшысы Линь Хуэй мен оқытушы Ши Ге жоғары жылдамдықты теміржолды дамыту және енгізу ауқымы бойынша әлемдік көшбасшы саналатын Қытай еліндегі жоғары жылдамдықты теміржол көлігі туралы айтты. Соңғы жиырма жыл ішінде бұл елде әлемдегі ең үлкен жоғары жылдамдықты желі құрылды, қазір магниттік левитация пойыздары секілді озық технологияларды енгізу әлі де жалғасуда.

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын Еуразиядағы логистикалық орталықтардың бірі болғандықтан, мұнда жоғары жылдамдықты аралас тасымалдау жолдарын дамыту – болашағы зор жоба болып саналады. Осы тапсырманы орындау аясында 2011 жылдың ақпан айында Пекинде «Қазақстан темір жолы» мен ҚХР-ның Темір жол министрлігі арасында ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Кездесуде оқылған баяндамалардан кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда кадрлар даярлау, оқытушылар мен студенттердің өзара академиялық алмасуы, сондай-ақ білім беру саласында «Логистика» және «Көлік инженериясы» бағдарламалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды. Әсіресе «Циньлин шеберханасы» жобасын дамытуға және «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық бастама аясында екі елдегі көлік және логистика саласына қажетті кадрларды даярлау базасын құру туралы келіссөздерге ерекше назар аударылды.

Аталмыш дөңгелек үстел Сәтбаев университетінде көлік инженериясы мен логистика саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жасалған маңызды қадам болмақ. Мұндай бастамалар Сәтбаев университетіне Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және Еуразияның динамикалық тұрғыда өзгеріп отыратын логистикалық ландшафтында жоғары сұранысқа ие болатын кәсіби мамандарды даярлауға елеулі үлес қосуына мүмкіндік береді.

Сәтбаев университеті қытайлық әріптестерімен көлік инженериясы саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту