16 маусым 2022 4067

Сәтбаев университеті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Сәтбаев университеті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Бүгінде еліміздегі университтеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өзара байланысы артып, дамып келеді. 2022 жылдың 3 маусымында университетіміз бен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасында кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы салада өзара қызығушылықты білдіретін ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру мақсатында меморандум жасалды.

Меморандум кадрларды даярлау, педагогтардың, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды. Бұл университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі.

Сәтбаев университеті магистратура мен докторантураға Атыраудан оқытушылар мен қызметкерлерді қабылдауға, еліміздің батыс өңірі үшін білікті кадрлар даярлауға дайын екендігін мәлімдейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту