Сәтбаев Университеті мен KIA Qazaqstan: Жол картасы табысты ынтымақтастық үшін
Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасындағы ең ірі автомобиль зауыты – KIA Qazaqstan делегациясымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған Жол картасын талқылау және бекіту.
KIA Qazaqstan Қазақстанда индустриялық дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады, ол өзінің өндірістік базасында Жоғары инженерлік мектеп, дуальды білім беру жүйесі, кәсіптік білім беру және басқару мектебі жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Сәтбаев Университетімен бұл ынтымақтастық байланыс білім беру бастамаларын одан әрі тереңдету және кеңейтуге, білім мен тәжірибені одан да жоғары стандарттарға жеткізуге бағытталған.
Бұл ынтымақтастық қарым-қатынастың негізгі аспектілерінің бірі – білім беру бағдарламаларын KIA Qazaqstan өндірістік процестерімен біріктіру болып табылады. Бұл Satbayev University студенттеріне алған теориялық білімдерін нақты өндіріс жағдайында тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Оқудың тиімділігін арттыруға бағытталған бұл ынтымақтастық қарым-қатынас студенттерді автомобиль зауытында тағылымдама мен практикалық тәжірибеден өткізуді, сондай-ақ кейіннен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін де қамтиды.
Осы серіктестік қарым-қатынас аясында Satbayev University мен KIA Qazaqstan автомобиль өнеркәсібінің заманауи талаптары мен міндеттеріне сай келетін жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оларды оқу жүйесіне енгізуді жоспарлап отыр. Студенттер автомобиль өндірісінде қолданылатын соңғы технологиялар мен инновацияларды меңгеріп шығатын болады, бұл оларға жоғары білікті маман болып шығуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Satbayev University мен KIA Qazaqstan арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас Қазақстанда инженерлік білім мен кадрларды даярлауды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл серіктестік студенттерге бірегей мүмкіндіктер жасап және аймақта автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал ете отырып, білім мен өндірісті біріктірудің маңыздылығын да көрсетіп отыр.
Satbayev University мен KIA Qazaqstan бұл серіктестік студенттерге жаңа білім көкжиектерін ашып қана қоймай, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің тұрақты дамуына үлес қосатынына сенімді, сөйтіп жоғары білім беру орындары мен өндірістік мекемелер арасындағы өзара табысты байланыстың үлгісіне айналары сөзсіз.