Сәтбаев университеті мен ҚР ҒжЖБМ еліміздің жоғары білім беру саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

Цифрлық құралдарды енгізу – Қазақстан үшін өте маңызды стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады, алайда оны пайдаланатын адамдарды даярлау одан да маңызды. Осы ауқымды міндетті шешу мақсатында Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізуге арналған семинары өтті.
Іс-шараға елдегі жетекші университеттердің цифрландыру жөніндегі проректорлары, жасанды интеллект сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Жиынның модераторы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов өз сөзінде еліміздің цифрлық егемендігін қамтамасыз ету үшін үлкен тілдік модельдер сияқты цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті:
– Бүгін біз осы жиынға цифрландыру жөніндегі барлық проректорларды жинадық, мақсатымыз – олардың санасын өзгерту, – деді ол. – Жасанды интеллект университет қызметін академиялық тұрғыдан бастап, басқарушылық бөлімге дейінгі қызметті қалайша өзгерте алатынын түсінуге біз оларға көмектескіміз келеді. Дәл осы өзгеріс болашақта еліміздің егемендігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Шеберлік сағатында жасанды интеллект қағидаттары және студенттер мен оқытушылардың нақты шындықта өзара тәжірибе алмасу принциптерін түсіндірумен қатар, сондай-ақ қазақ тіліндегі KazLLM үлкен тілдік моделі және мемлекеттік интеллектің ұлттық алаңы секілді қазақстандық әзірлемелер ұсынылды, онда қазірдің өзінде электрондық үкімет порталы үшін чат-боттар әзірленуде.
Семинарда Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Хусейн Атакан Варол жасаған таныстырылымға қатысушылар ерекше көңіл бөлді, ол мәтіндерді өңдеу, талдау және генерациялауға арналған KazLLM үлкен тілдік моделін ұсынды. Модель қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріндегі 150 миллиард токен негізінде жасалған, әрі https://oylan.nu.edu.kz/сайтында онлайн режимде қолжетімді.
Семинар «SIMKON» компаниясының директоры Олег Мециктің жетекшілігімен жасалған форсайт-сессиямен аяқталды, бұл сессия жасанды интеллект стратегияларын білім беру үрдістеріне интеграциялауды әзірлеуге бағытталған. Қатысушылар өз университеттерінде жасанды интеллекті енгізудің практикалық жоспарларын әзірлеп, Қазақстан университеттерінде жоғары білім берудің сапасы мен басқару тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды пайдалану перспективалары туралы талқылады.