22 қараша 2023 2053

Сәтбаев Университеті мен Оснабрюк Университеті көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен Оснабрюк Университеті көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ынтымақтастық туралы меморандумға Сәтбаев Университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев пен Оснабрюк Университеті менеджмент, мәдениет және технологиялар факультетінің халықаралық кеңсесінің басшысы Шарлотта Майн қол қойды.

Ержан Көлдеев бастаған әңгіме барысында тараптар өздерінің университеттері туралы ақпаратпен алмасып, алдағы бірлескен жұмыс бағыттарын белгіледі. Университет қонағы, профессор Майкл Шуллер Оснабрюк Университеті мен Сәтбаев Университеті арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол Сәтбаев Университетінің менеджмент, мәдениет және технологиялар факультеті мен Көліктік инженерия және логистика мектебінің болашақтағы ынтымақтастығы үшін үш негізгі бағытты атап өтті: магистратура бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, бірлескен ғылыми жобаларды орындау, сондай-ақ Көлік және логистика саласы бойынша ғылыми-зерттеу орталығын құру.

Кездесу аяқталғаннан кейін Көлдеев мырза Оснабрюк Университетінің өкілдеріне бізге келгендері үшін алғыс білдірді және Сәтбаев Университеті ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық қарым-қатнасқа дайын екенін айтты.

Екі жақ тараптар стратегиялық серіктестікті кеңейтіп, Сәтбаев Университетінің оқытушылары Оснабрюк Университетінде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру туралы келісті. Сондай-ақ Сәтбаев Университетінің технологиялық паркінде, соның ішінде Логистикалық орталықта білім беру бағдарламаларын құру және бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі талқылануда.

Бұл іс-шара Сәтбаев Университеті мен Оснабрюк Университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып саналады, сондай-ақ екі университеттің жоғары білім және ғылыми-зерттеу саласы бойынша белсенді ынтымақтастық қарым-қатынасқа ұмтылысын растайды.

Сәтбаев Университеті мен Оснабрюк Университеті көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен Оснабрюк Университеті көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту