Ақпарат:

14 мамыр 2025 1420

Сәтбаев университеті немістің Хоф университетімен ІТ саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуда

Сәтбаев университеті немістің Хоф университетімен ІТ саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуда

Сәтбаев университеті немістің Hof University of Applied Sciences университетімен бірлесіп, қос дипломдық бағдарламаны іске қосуда. Алғашқы қосылғаны – Computer Science бағытындағы бағдарлама болды. Хоф университеті делегациясының Сәтбаев университетіне жасаған ресми сапары барысында осы келісімге қол қойылды.

Бағдарлама Сәтбаев университетінің студенттеріне Германияда бір жыл бойы тегін оқуды қарастырады. Қазірдің өзінде алғашқы төрт студент анықталды, енді олар 2025 жылдың қыркүйек айында оқуларын бастайды. Бұл халықаралық академиялық ұтқырлықты дамытуда және Қазақстан мен Германия арасында жоғары технологиялар саласы бойынша байланысты нығайтуда маңызды қадам болмақ.

Сапар барысында Германиядан келген қонақтар Сәтбаев университетінің инфрақұрылымымен танысып, қазақстандық әріптестерімен өзара алмасу бағдарламасы туралы талқылады. Екі университет арасындағы ынтымақтастық байланысты кеңейтудің келесі кезеңі – «Киберқауіпсіздік» саласының перспективалары болуы мүмкін. Әріптестерімен жұмыс кездесуінен кейін Hof University-нің өкілдері Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттерімен кездесіп, болашақ бағдарламашыларға Германияда білім алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Жаңа қос дипломдық бағдарлама Сәтбаев университетінің өз студенттеріне әлемдік озық тәжірибеге қол жеткізуге және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатын мамандарға айналдыруға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі болып табылады. Сәтбаев университетінің студенттері екі университеттің де дипломын алып қана қоймай, Еуропадағы ең озық IT орталықтардың бірінде білім алып шығады.

Сәтбаев университеті немістің Хоф университетімен ІТ саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту