Ақпарат:

28 сәуір 2025 1205

Сәтбаев университеті Norgau «Құзіреттілік орталығы» зертханасы ашылды

Сәтбаев университеті Norgau «Құзіреттілік орталығы» зертханасы ашылды

Сәтбаев университетінің Знергетика және машина жасау институтында Norgau компаниясының «Құзыреттілік орталығы» зертханасының ашылу салтанаты өтті. Norgau – өнеркәсіп құрал-жабдықтарын шығаратын ресейлік жетекші өндірушілердің бірі. Жаңа орталық инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи білім беру алаңына айналады, мұнда сала мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары, тренингтер және құрал-жабдықтар көрмесі өткізіліп тұрады.

Жаңа зертхана студенттердің теориялық дайындығын практикалық тәжірибемен ұштастыруға бағытталып, болашақ инженерлер мен техниктерге заманауи технологиялармен және құралдармен тікелей танысуға мүмкіндік береді. Norgau компаниясымен серіктестік қарым-қатынас жасау арқылы мұнда кешенді оқыту жүйесі жүзеге асырылады, ол автоматтандырылған сақтау жүйелерінен бастап, құралды басқару бағдарламаларына дейінгі заманауи цифрлық шешімдерді қамтитын болады.

Зертхананың ашылу салтанатына Norgau компаниясының негізін қалаушылар Наталья Свирина мен Валерий Костюченко, сонымен қатар білім беру бағытының жетекшісі Александр Умрилов қатысты. Ал Сәтбаев университеті атынан салтанатты шараға университет ректоры Мейрам Бегентаев пен академиялық мәселелер жөніндегі проректор Раиса Өскенбаева және «Энергетика» кафедрасының өкілдері қатысты.

Norgau компаниясы 1998 жылы құрылған, бүгінгі күні компания инженерлер мен өндіріс қызметкерлеріне 25 000-нан астам кәсіби құралдарды ұсынады. Негізгі салаларға метрология, механикалық өңдеу, құрастыру құралдары және өнеркәсіпке арналған цифрлық шешімдер кіреді. Компания – «Сколково» инновациялық орталығының резиденті болып табылады, мұнда да жоғары дәлдіктегі заманауи метрологиялық құралдармен жабдықталған кәсіби «Құзырет орталығы» ашылған.

Norgau компаниясымен ынтымақтастық қарым-қатынас Сәтбаев университеті үшін техникалық білім беруді дамыту және Қазақстанда озық технологияларды енгізу курсының мәнді жалғасы болып табылады: жаңа «Құзырет орталығы» ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтады, заманауи өнеркәсіпте жұмыс істеуге дайын техникалық мамандардың жаңа буынын қалыптастырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту