2 сәуір 2019 2857

Сәтбаев университеті оқу орны ардагерлерінің қатысуымен жолдастық матч өткізді

Сәтбаев университеті оқу орны ардагерлерінің қатысуымен жолдастық матч өткізді

Қазақстан Республикасында жоғары техникалық білім беретін альма-матер – аты аңызға айналған Политех ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау бастамасын алдыңғылардың бірі болып қолдай отырып, үстіміздегі жылы 29 наурыз күні Сәтбаев университеті әр жылдарда бітірген түлектер мен алматылық «Дельта» командасының арасында хоккейден матч ұйымдастырды.

– Бүгін мына мұз айдынында академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына, атақты Политехтың 85 жылдығына, сондай-ақ биылғы Жастар жылына арналған спорт мерекесі өтеді. Бұл мерекелік іс-шараның ең басты оқиғасы – Политехты әр жылдарда бітірген түлектер мен алматылық «Дельта» командасының арасында өтетін хоккей ойыны. Матчқа Сәтбаев университетінің топ-менеджерлері, өндіріске еңбегі сіңген ардагерлер, бизнесмендер, спортсмендер және қоғам қайраткерлері қатысады. Осы матч негізінде Алматы қаласы кәсіпкерлері, бизнес өкілдері мен жастар арасында тәжірибе алмасу жағынан, студент-жастар арасында хоккей ойынын кеңінен дәріптеу жағынан достық қарым-қатынас орнап, бұл іс-шара қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға түрткі болады деп ойлаймын. Ал бүгінгі ойын бағдарламасы өте қызықты болмақ. Қонақтарды флешмоб, музыкалық номерлер мен ұтыс ойындары күтіп тұр. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! – деді өзінің құттықтау сөзінде Сәтбаев университеті ректоры аппаратының басшысы Берік Мықтыбаев.

Satbayev University провел товарищеский матч с участием ветеранов вуза

Ардагерлер командасының ойыншысы, MUZzone каналының экс-директоры Адылжан Садыков өз ойымен бөлісті.

– Трибуна толы көрермендер алдына алғаш рет шығу өте қиын. Қолдаушыларға көп-көп рахмет! Мен 60 жастағы Владимир Анищенков, 73 жастағы Владимир Егорович Босенко сынды ардагерлермен бір командада ойнаймын. Мен үшін бұл ойын өте қымбат, әрі үлкен мәртебе. Олардың жасына келгенде мен де осылай ойнап жүрсем деймін! – деді Садыков.

Студенттер де масаттанып, ойыннан тамаша әсер алды.

– Біздің ардагерлердің қатысуымен өткен ойын өте қызықты, әрі тартымды болды. Ал үзіліс кезінде университет тарихы туралы өткен ұтыс ойындары көрермендердің көңілін одан сайын көтерді. Міне, осындай есте қаларлық тамаша іс-шаралар жиі-жиі болып тұрса екен! деді Сәулет, құрылыс және энергетика институтының 2-курс студенті Бекжан Авалбеков.

– Мерейтойлық іс-шаралар аясында өтіп жатқан спорт ойындары маған қатты әсер етіп, ой салды, негізгі мамандықпен қатар қосымша ұнаған іспен де шұғылдануға болады екен. Мына өткен ойын – соған толық дәлел болды. Бізге жеңіс сыйлағандары үшін ойыншыларға мың алғыс. Мен Политехтың студенті екеніме мақтанамын! – деді шаттанып ГжМГІИ-ның 3-курс студенті Асылбек Елік.

– Осылайша, «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында топтық спорт түрлерін жандандыру мақсатында осы матч студент-жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту үшін тамаша игі бастама болмақ, – деп атап өтті Берік Хамитұлы.

Жолдастық матч 4:2 есебімен Сәтбаев университеті ардагерлерінің жеңісімен аяқталды.

Satbayev University провел товарищеский матч с участием ветеранов вуза

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту