Ақпарат:

12 қаңтар 2018 6612

Сәтбаев университеті өндірістік секторының консорциумы

Сәтбаев университеті өндірістік секторының консорциумы

2017 жылы желтоқсан айында Сәтбаев университетінің үш ғылыми жобасы «Өнімдік инновацияларды ынталандыру» жобасы аясындағы «Өндірістік сектордың консорциумдары» гранттық бағдарламалар байқауында жеңіске жетті. ҚР Білім және ғылым министрлігі оны Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк арасындағы займ туралы келісім аясында жүзеге асырады.

Сәулет және құрылыс институтының, Тау-кен-металлургия институтының, Жоғары технологиялар институтының жобалары Қазақстан экономикасының өндірістік секторларындағы технологияларды дамытуға, жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, тау-кен өндірісі мен электроэнергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласына бағытталған.

Консорциумдардың гранттық бағдарламалары индустриалдық, зерттеу және білім беру орындарымен ынтымақтастықты ұлғайтуға, ғылыми-зерттеу институттарының сапасын арттыруға, кластерлікті дамытуға, қосымша құн жүйесін қамтуға әсерін тигізеді, сондай-ақ шетелдік инвестицияны тікелей тартуға және технологиялар трансферін жақсартуға да әсер етеді.

Қазіргі кезде «КПС І жоспарлау: Ынтымақтастықтың индустриалды-ғылыми орталығы» жобалары грантқа ие болып отыр. Жоспарлауға арналған грант «КПС І» жұмысын толығымен дайындап, оны грантқа ұсыну жолындағы дайындық кезеңі болып табылады. Ал жоспарлау кезеңінің нәтижесі ретінде аталған орталық мүшелері арасында жасалатын консорциалды келісім, жол картасы, НИОКР-дың дәлме-дәл жоспары алынады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту