Сәтбаев Университеті патриоттық тақырыпқа түсірілген бейнебаян байқауын жариялайды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Сәтбаев Университеті патриоттық тақырыптағы ең үздік TikTok, Instagram немесе YouTube сайттарына бейнебаян байқауын жариялайды.
Байқауға қатысу үшін TikТok форматында әлеуметтік желілерде (ТikТok, instagram, youtube) креативті және қызықты бейнебаян дайындау керек.
Бейнебаянға қойылатын талаптар:
- Бейнебаян форматы: DVD, MPEG4. Фотосуреттерді қолдануға болады.
- Рұқсат етілетін ең кіші бейнебаян 720×480 (12:8 см).
- Бейнебаян қысқа да нұсқа, әрі мағыналы болуы керек (ұзақтығы 1 минутқа дейін ғана). Бейнебаянды әлеуметтік желіге орналастырғанда міндетті түрде @satbayev_university, @scc_satbayev.university және хэштег #SU_за_годы_Независимости парақшаларын көрсету керек.
- Бейнебаянда автордың Аты-жөні, Әкесінің аты, бейнебаянның атауы мен оның ұзақтығы көрсетілуі керек.
- Бейнебаян жанрын қатысушылар өздері таңдайды (интервью, видеоклип, мультфильм және т.б.).
- Жарнамалық бейнебаян байқауға жіберілмейді.
- Байқау тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ басқа біреудің қадір-қасиеті мен жеке басына нұқсан келтіретін бейнебаяндар қабылданбайды.
Бейнебаянды бағалау критерийлері:
- Бейнебаян міндетті түрде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде болуы керек;
- Оның мағынасы міндетті түрде толығымен байқау тақырыбына сәйкес келуі керек;
- Тақырыптың ашылуы, мазмұны (20 баллға дейін);
- Бейнебаян сапасы (20 баллға дейін);
- Мазмұнының ерекшелігі мен үйлесімділігі (10 баллға дейін);
- Қорытынды жасап, аргументтер келтіре білу (10 баллға дейін);
- Креативтілік көрсете білу, шығармашылық таныта білу және ойын өз бетінше жеткізе білу (10 баллға дейін).
Конкурстық жұмыстар үстіміздегі жылы 12 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқауға қатысу үшін алдымен оның ережелерімен танысу керек.
Ұйымдастыру тобы барлық өтініштердің талаптарға сәйкестігін тексереді. Қатысушылардың конкурстық жұмысын Қазылар алқасы бағалайды.
Байланыс үшін:
Шығармашылық орталық, 237-каб. ГМК,
8 (777) 678 4667, Мәншүк Зекеновна.