10 қараша 2021 2195

Сәтбаев Университеті Ресейден келген профессорлардың дәрістеріне қатысуға шақырады

Сәтбаев Университеті Ресейден келген профессорлардың дәрістеріне қатысуға шақырады

Сәтбаев Университетінің «Робототехника және мехатроника», «Биомедициналық инженерия» және «Аспап жасау» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында қонақтық дәрістер топтамасы өтеді.

Дәрістерді Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты мен «Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасы ұйымдастырды.

Дәріс спикерлері:

Багаев Дмитрий Викторович – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, В.А. Дегтярев атындағы Ковров мемлекеттік технологиялық академиясы, «Мобильді робототехникалық жүйелер мен кешендердің қазіргі жағдайы» тақырыбы бойынша.

Бодин Олег Николаевич – профессор, техника ғылымдарының докторы, Пенза мемлекеттік технологиялық университеті (ПензМТУ), «Төтенше жағдайлар кезіндегі мобильді телемедицина кешені» тақырыбы бойынша.

Дәрістердің бағдарламасы мен өту кестесі жуық арада белгілі болады. Барлық студенттерді асыға күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту