26 сәуір 2024 1813

Сәтбаев Университеті республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады

Сәтбаев Университеті республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады

Құрметті студенттер!

Satbayev University базасында 2024 жылғы 3 мамырда " Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау" білім беру бағдарламасы бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Олимпиадаға қатысуға ЖОО ішіндегі бірінші кезеңнің жеңімпаздары болып табылатын 2-4 курс студенттерін шақырамыз (ЖОО-дан 3 адамнан артық емес).

"Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау " білім беру бағдарламасы бойынша Олимпиадаға арналған пәндер:

  • Жалпы геология;
  • Құрылымдық геология;
  • Кристаллография және минералогия.

Әрбір қатысушы ЖОО тек бір команда жібереді.

Олимпиада бағдарламасы:

29 сәуірден 2 мамырға дейін: қатысушыларды тіркеу

3 мамыр, сағат 10:00-17:00: Олимпиаданың ашылуы, тапсырмаларды орындау, қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау, олимпиаданың жабылуы.

Қатысу шарттары:

Өтінімдер 2024 жылғы 27 сәуірге дейін электрондық мекенжайларға қабылданады: s.baitukha@satbayev.university

Өткізу форматы: онлайн.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту