2 қыркүйек 2020 4480

Сәтбаев университеті Шахтерлар күніне орай сыйлық алған лауреаттарды құттықтайды

Сәтбаев университеті Шахтерлар күніне орай сыйлық алған лауреаттарды құттықтайды

Сәтбаев университетінің басшылығы мен бүкіл ұжымы тау-кен металлургия өнеркәсібіне және Қазақстан өнеркәсібіне кадрлар даярлау ісіне қосқан үлесі үшін 2020 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің марапатына ие болған өзінің әріптестерін құттықтайды.

Техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Баян Ракишевты «Еңбек ардагері» медалін алуымен құттықтаймыз!

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Әділхан Байбатшаны «Еңбек ардагері» медалін алуымен құттықтаймыз!

Техника ғылымдарының докторы, профессор Абдрахман Бегалиновты «Еңбек ардагері» медалін алуымен құттықтаймыз!

Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Манарбек Сәндібековты І дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін алуымен құттықтаймыз!

Тау-кен инженері, PhD доктор, Сәтбаев университетінің ғылым жөніндегі проректоры Асқар Сыздықовты ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін алуымен құттықтаймыз!

Техника ғылымдарының докторы, профессор Серік Молдабаевты ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін алуымен құттықтаймыз!

Техника ғылымдарының кандидаты Талғат Әлменовті ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін алуымен құттықтаймыз!

Біздің Политехникалық университеттің тарихы құрылған күнінен бастап жоғары білікті геологтарды, кен геодезисттерін, тау-кен инженерлерін, кен байыту инженерлерін, механиктерді, энергетиктерді, экономистерді, экологтарды және біздің еліміздің тау-кен өнеркәсібі үшін еңбекті қорғау мамандарын дайындаумен тығыз байланысты болып келеді.

Отандық ғылым мен кәсіптік білімнің игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс! Сәтбаев университетінің ұжымы Сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Сіздерге зор денсаулық, аманшылық және жаңа ғылыми жеңістер тілейміз!

Сәтбаев университетінің ұжымы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту