27 тамыз 2021 3109

Сәтбаев Университеті шахтерларды төл мерекесімен құттықтайды

Сәтбаев Университеті шахтерларды төл мерекесімен құттықтайды

Жыл сайын тамыз айының соңғы демалысы күні Қазақстан шахтерлары өздерінің кәсіби мерекесі – Шахтер күнін тойлайды. Сәтбаев Университетінің ұжымы барлық тілектерге қосыла отырып, қазақстандық шахтерларға ерен еңбектерін үшін шын жүректен алғыс білдіреді! 

Қиыншылығы мен қызығы мол тау-кен кәсібімен шұғылданатын барлық жандарға мың алғыс! Өйткені бұл қажымас қайрат пен шыдамдылықты, төзімділікті, әрі терең білімді талап ететін өте қауіпті жұмыс екені белгілі. Барлық шахтерларға, тау-кен ғылымымен шұғылданатын бүкіл кәсіби мамандарға мереке күні зор денсаулық, мол табыс және отбасының аманшылығын тілейміз! 

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің ұжымы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту