Ақпарат:

16 мамыр 2025 901

Сәтбаев университеті сіздерді JoVe бейнежурналының викторинасына қатысуға шақырады

Сәтбаев университеті сіздерді JoVe бейнежурналының викторинасына қатысуға шақырады

JoVe бейнежурналы мен Ғылыми кітапхана сіздерді қызықты викторинаға қатысуға шақырады! Жеңімпаздарға арналған тамаша сыйлықтар бар. Бұл жай ғана тест емес – бұл конкурс негізінде құрылған ойын, мұнда сіздерді қысқаша танымдық бейнероликтер, қызықты сұрақтар күтеді. Әрі бірінші және екінші орын жеңімпаздарына 5000 және 3000 теңгелік Starbucks карталары сыйлыққа беріледі! Викторина 2025 жылғы 31 мамырға дейін өтеді.

Жеңімпаздарға маусым айының бірінші аптасында электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі. Жүлделерді кітапханадан алып кетуге болады.

Қатысу үшін:

https://app.jove.com/join-class?code=A60EF05F сілтемесі арқылы өтіп, өзіңіздің университеттің электрондық пошта мекенжайын @satbayev.university енгізіңіз, электрондық поштаңызға келген құпия сөзді енгізіңіз де, «Жалғастыру» түймесін басып, «Сұрақтар» парақшасына өтіңіз.

JoVe бейнежурналы мына жерде де қол жетімді https://www.jove.com/

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту