19 маусым 2024 2443

Сәтбаев Университеті сіздерді TOEFL ITP емтиханын шілденің 10 және 13 тапсыруға шақырады

Сәтбаев Университеті сіздерді TOEFL ITP емтиханын шілденің 10 және 13 тапсыруға шақырады

Сәтбаев Университеті ETS Global компаниясының ресми аккредиттелген өкілі ALPHA Academy-мен бірлесіп TOEFL IBT, TOEIC ® тестілерін өткізу бойынша 2024 жылдың 10 және 13 шілдесінде TOEFL ITP тестін тапсыруға тіркелудің басталғанын хабарлайды.

Аталмыш сертификат жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу үшін CEFR шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайды.Докторантураға түсу үшін межелік балл саны - 417. Сондай-ақ, Докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне арналған қосымша тестілеуді тапсыру қажет болады.

Сертификат емтиханнан кейін 15 күннен кейін беріледі. Сонымен қатар, Қабылдау комиссиясына өткізу мақсатындағы растау анықтамасы беріледі (ресми сертификат алғанға дейінгі уақытша құжат).

Емтихан Satbayev University-де "цифрлық" (digital) форматта офлайн режимінде өтеді. Орындар шектеулі!

Тіркелу және төлем:

Тестке тіркелу осы сілтеме бойынша

Бағасы: «цифрлық» (digital)– 40 000 теңге

Төлеу: тіркелгеннен кейін Alpha Group барлық мәліметтерді нақтылау үшін сізбен хабарласады және Каспи Банктің қосымшасында электрондық шотты жібереді

Емтиханды өткізу мекенжайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22/5, ҚКОО ғимараты, 403 каб.

Егер Сіздің TOEFL ITP емтиханына тіркелу мен тапсыруға қатысты әлі де сұрақтарыңыз болса, онда хабарласыңыз: Тұрлыбекова Анар тел.: +7 775 772 53 41, a.o.turlybekova@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту