30 наурыз 2022 2132

Сәтбаев университеті «Студент және ғылым» атты студенттік конференцияға шақырады

2022-жылдың 12-сәуірінде Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының Ағылшын тілі кафедрасы сіздерді «Студент және Ғылым»  атты  VI ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. 

   Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Техникалық білім беру жүйесіндегі ағылшын тілінің рөлі
  2. Өндірістегі инновация: студенттердің ойлары, сенімдері және қабылдауы 

Техникалық білім беру жүйесіндегі барлық мамандықтар бойынша 1-4- курс  студенттеріне конференцияға қатысуды ұсынамыз. Конференцияға қатысушы әрбір студент ғылыми-практикалық конференция қатысушысы сертификатын алу мүмкіндігіне ие болады. Үздік зерттеу жұмыстары  дипломдармен/сыйлықтармен марапатталады.

Конференцияға қатысу формасы: оффлайн

 Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22а, Satbayev University, бас оқу ғимараты, ауд. 603, 606.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалалар конференция материалдарының жинағында жарияланады, ол тікелей конференцияда қатысушыларға беріледі. Барлық жұмыстар ғылыми жетекшімен бірлесіп авторлықта жарияланады.

Өтініштер 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін stud.conference_2022@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Көбірек

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту