Ақпарат:

5 мамыр 2018 9959

Сәтбаев университеті студенті IV Халықаралық олимпиада да жүлделі орынға ие болды

Сәтбаев университеті студенті IV Халықаралық олимпиада да жүлделі орынға ие болды

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 4 курс студенті Ағабек Абзал Зетбекұлы 2018 жылдың 30-31 наурыз аралығында «Киев Мемлекеттік құрылыс жәәне архитектура университеті» және Украина Мемлекеттік техникалық университеті «Игорь Сикорский атындағы Киев мемлекеттік политехникалық институты», Арнайы байланыс және ақпаратты қорғау институтымен бірлесе өткізген «Пути и механизмы защиты информационного пространства Украины от вредных информационно-психологических воздействий» атты IV Халықаралық студенттер олимпиадасына қатысты.

Олимпиаданың мақсаты:

  1. Мемлекет, қоғам мен жеке тұлға ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін нақты және ықтимал қауіп-қатерлерді кең ауқымды қарастыру.
  2. Студенттер арасында сыни ойлауды қалыптастыру.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар дайындау процесін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу.
  4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарының рөлі мен орнын анықтау.

Ағабек А.З. студенттердің жеке жұмыстары бөліміне «Деректер базасын қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі криптографиялық әдістер» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен қатысты Бұл жұмыстың ғылыми жетекшісі «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының ассоц. профессоры Айтхожаева Евгения Жамалхановна. Жұмыстар тақырыптын толық ашылуы, авторлық үлесі, өзектілігі, практикалық маңызы, сәйкестікті ресімдеу талаптары секілді критерийлер бойынша бағаланды. Олимпиада қорытындысы бойынша Ағабек А.З. жұмысы жоғары бағаланып, 3-ші орынға ие болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту