Сәтбаев университеті студентіміз Диас Төлеудің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып, оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді

Өкінішке қарай, «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы, сондай-ақ Сәтбаев университеті Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының студенті Диас Төлеу өмірден озды. Диас бар-жоғы 19 жаста болатын.
Бұл жолдарды жазу бізге өте ауыр…
Диас өзінің жасына қарамастан, өмірге құштар, арманшыл, мақсаты биік, мейірімді жан еді. Оны барлығы адал, табанды, спорт пен білімге шын берілген адам ретінде білетін. Диастың өмірден өтуі – оның отбасына, достарына, оқу ордасы мен оны танитын барша жанға орны толмас қайғы.
Сәтбаев университеті Диастың анасына, туған-туыстарына және барлық жақындарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтады.
Диастың жарқын бейнесі мен өмірге деген сүйіспеншілігі, арманына ұмтылған жігері әрдайым біздің жүрегімізде сақталады.
Біз сені ешқашан ұмытпаймыз, Диас...