24 сәуір 2019 3592

Сәтбаев университеті студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында

Сәтбаев университеті студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында

2019 жылы 17–18 сәуір күндері университеттің 25 оқу үздіктері мен белсенділері және Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары А.Б.Есбосынова Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренингке қатысты.

Екі күндік семинар аясында «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол», «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыптарында шеберлік дәрістер; тренинг-жаттығу, шағын топтарда жұмыс істеу, әлеуметтік жобалар жасау, командалық ойын, «Алты ойлау қалпағы»; «Қазақстан жолы» интерактивті ғылыми-білім беру орталығында практикалық сабақ; ҚР Ұлттық музейінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен музейінде экскурсиялар; Астана бойынша саяхат, сонымен қатар танымал кәсіпкер Досан Қауменмен кездесу өтті. Музей мен кітапханадағы әрбір зал мен зат тарихқа тұнып тұрғандай. Елбасының мықты мемлекетті құрып, өз саясатын жүргізуге қаншалықты күш-жігер жұмсағаны сезіліп тұр. Әр елдің басшыларының берген сыйлықтары халықаралық достықтың белгісі іспеттес. Студенттер саяхат барысында елордамыздың символына айналған ең көрнекті ғимараттарының бірі – «Байтеректе» еліміздің ең сұлу аруларымен, яғни «Miss Kazakhstan» байқауының қатысушыларымен кездесті. Сонымен қатар флешмоб ұйымдастырып, астанамызды тамашалауға келген шетел қонақтарына Сәтбаев университетін таныта білді.

Аталған іс-шараның Елбасы кітапханасындағы кітаптар, мемлекеттік наградалар, сонымен қатар Елбасының жеке заттары арасында өтуі, дәрістерден алған позитивті әсер жастарға шабыт беріп, рухтарын шыңдай түсті. Ал «Адамдар бірден бай болып туылмайды. Тек еңбек пен қайтпас қайсарлық және табандылық қана адамның көздеген мақсатына жетуіне себеп болады. Адам өз-өзімен жұмыс істей білуі керек. Кезекті бір жетістікке жеткен жан күш-қуатының арта түскенін сезіп, өзін жаңа қырынан танығандай болады. Мұндай жағдайда өзіне деген сенім күші пайда болады», – деген Досан Қауменнің сөздері студенттерге ынта-жігер берді.

Семинар-тренинг соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға сертификаттар мен «Менің Президентім» кітабын табыстады. Бірнеше студент пен жетекшілері «Әлеуметтік желідегі ең үздік жарияланым» үшін Алғыс хатпен марапатталды. Толғанысқа толы жастар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен университет басшылығына сананың өзгеріп, мотивациялық ойлармен толығуына, рухани баюға мүмкіндік бергендері үшін зор алғыстарын білдірді.

Студенты SU побывали в Библиотеке Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы

Студенты SU побывали в Библиотеке Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту