Сәтбаев университеті студенттері «Логистика және жеткізу тізбегін басқару» Бүкілресейлік студенттік олимпиадада жеңімпаз атанды
Ресейдің Новосибирск қаласында өткен «Логистика және жеткізу тізбегін басқару» халықаралық қатысуымен өткен Бүкілресейлік студенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте Үшінші орын Сәтбаев университетінің «Көлік қызметі» мамандығының екі студенттік командасына бұйырды.
- Азанқаева Гауһар жеке классификация бойынша 3 орынға ие болды.
- «Тарату логистика» номинациясында студент Төлеуханова Әдемі жеңімпаз атанды.
- «Қор басқару» номинациясында студент Ермахан Бекарыс жеңімпаз атанды.
Олипиадаға 3 курс студенттері қатысты. Олимпиада қашықтық форматта Сібір мемлекеттік теміржол университетінде (Новосибирск, Ресей) өтті. Студенттер алдында логистиканың 5 бағыты бойынша – Тарату логистикасы, Қорларды басқару, Өндірістік логистика, Қойма логистикасы және қойма логистикасы - 65 есепті шешу міндеті тұрды.
Олимпиаданың нәтижелері туралы барлық ақпарат Сібір мемлекеттік теміржол университетінің сайтында орналастырылған.