Ақпарат:

29 қараша 2024 1076

Сәтбаев университеті табиғи мұраны қорғауда: Алматыда ЮНЕСКО геофорумы басталды

Сәтбаев университеті табиғи мұраны қорғауда: Алматыда ЮНЕСКО геофорумы басталды

Адамның табиғатқа әсері барған сайын жойқындала түсіп отырған қазіргі әлемде ЮНЕСКО бірегей мәдени және табиғи мұрасы бар ерекше геопарктер құруда. Ал өзінің бай табиғи және мәдени әртүрлілігімен танымал болып отырған Қазақстан осы табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі халықаралық бастамаға белсенді түрде қатысуда.

Осы үдерістегі тағы бір қадам – Сәтбаев университетінде өткен «ЮНЕСКО геопарктері тұрақты даму және ынтымақтастық үшін» атты халықаралық геофорум болды, ол БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның демеушілігімен өтті. Форумға мәдени және табиғи мұраны сақтау саласында жұмыс істейтін әртүрлі елдердің мамандары, Қазақстанның университеттері мен ұлттық саябақтарының өкілдері жиналып, дүние жүзіндегі керемет әсем табиғи орындарды дамыту жөнінде тұрақты дамыту бағдарламасы алдында тұрған сын-қатерлерге қарсы тәжірибелерімен және міндеттерімен бөлісті.

Солардың бірі – Арал өңірі мен Арал теңізінің табиғаты мен экономикасын сақтау мақсатында ұйымдастырылған Орталық Азиядағы алғашқы туристік маршрут – «Арал геопаркі» болды. «Арал геопаркінің» директоры Сәуле Темірбек жаңа геопарктің жұмысына тоқталды:

– Бұл ашық аспан астындағы мұражай, оған геотурлар, этнотурлар мен жергілікті тұрғындар қолдау көрсететін басқа да іс-шаралар кіреді, олардың бәрі облыс экономикасына қолдау көрсетеді. Келесі жылы біз ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі дәрежесін алу үшін өтініш береміз.

Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер бағдарламасы 48 елдегі 190-нан астам нысанды қамтиды. «Geopark Aral» Қазақстан бойынша осы бағдарламадағы алғашқы геопарк болады. Оның негізін қалаушы – Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қоры.

Іс-шара Сәтбаев университетінің қолдауымен, ҚР-ның ЮНЕСКО және ИСЕСК істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Жанар Шайменованың, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің, Қазан федералды университетінің өкілдері және «Янган-Тау» геопаркі жобалау тобының, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті.

Бұл геофорум геопарктерді заңнамалық реттеудің маңызды мәселелерін, ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін және тұрақты дамуды қалыптастырудағы геопарктердің рөлін талқылауда, сондай-ақ геопарктерді құру бойынша тәжірибе алмасуға және табиғи мұраны сақтау саласы бойынша халықаралық сарапшыларды оқытуға арналған ғылыми-сараптамалық алаң рөлін атқарды.

Сәтбаев Университеті үшін форум тұрақтылық қағидаттарына негізделген жобаларды құру және жүзеге асыру бойынша жинақталған тәжірибемен алмасудың тағы бір мүмкіндігі болды. Жұмыс сессиялары мен екіжақты кеңестер барысында заманауи университет жұмысындағы жаһандық күн тәртібін енгізудегі қиындықтарды еңсеру жолдары, жобалық тәуекелдерді талдау әдістері және жаһандық бастамаларды жүзеге асыруға қауымдастықтарды тарту мәселелері талқыланды. Кездесулер нәтижесінде Сәтбаев университетінің Тұрақты даму жөніндегі жобалық кеңсесінің өкілдері ынтымақтастық қарым-қатынасты жалғастыруға және Қазан мен Башқұртстан университеттері үшін кеңейтілген вебинар ұйымдастыруға келісті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту