31 мамыр 2023 3490

Сәтбаев Университеті тәжірибеден өтіп жүрген студенттерге арнап қауіпсіздік жаттығуларын өткізді

Сәтбаев Университеті тәжірибеден өтіп жүрген студенттерге арнап қауіпсіздік жаттығуларын өткізді

Университеттің «Қапшағай» полигонында жазғы маусым басталып, оқу-жаттығу жұмыстары жүруде. Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ институтының студенттері мұнда өндірістік тәжірибеден өтуде.

Суда орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін Сәтбаев Университетіндегі Азаматтық қорғаныс штабының қызметкерлері «Судағы қауіпсіздік», «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану» және «Қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыптарында оқу сабақтарын өткізді.

Негізгі тақырып ретінде суда қайғылы оқиғалардың болу себептері мен олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ «Қапшағай» полигонында өзін-өзі ұстау ережелері мен су қоймасына экологиялық тұрғыдағы көзқарастарына және өндірістік тәжірибеден өту кезінде олардың жұмыс орнындағы жеке қорғаныс құралдарына назар аударылды.

Сабақтар барысында буклеттер, плакаттар, брошюралар, өрт қауіпсіздігі белгілері, темекі шегуге тыйым салу белгілері, алғашқы өрт сөндіру құралдары, сонымен қатар алғашқы медициналық санитарлық құралдар таратылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту