3 маусым 2021 5033

Сәтбаев Университеті THE Asia University рейтингісіне енді

Сәтбаев Университеті THE Asia University рейтингісіне енді

2 маусымда британдық Times Higher Education рейтингтік компаниясы Азия университеттерінің кезекті «Times Higher Education Asia University 2021» рейтингін жариялады. Сәтбаев Университеті бұл беделді аймақтық рейтингісінде алғаш рет 351-400 орынға ие болды.

Times Higher Education Asia University Rankings Азиядағы ең үздік жоғарғы оқу орындарын анықтайды. 2021 жылдың рейтингісіне 30 Азия елінен 551 университет кіреді. Рейтингті дәстүрлі түрде Қытай университеттері бастап тұр, олардан кейін тұрған Оңтүстік Корея мен Оңтүстік-Шығыс Азия университеттері. Қазақстан рейтингтегі Орталық Азияның жалғыз өкілі және рейтингке Қазақстаннан 3 университет кіреді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сәтбаев университеті.

Бұған дейін британдық THE басылымы әлемдегі ең үздік университеттердің тізімін жариялаған болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен 1512 жоғары оқу орны кіретін «Times Higher World University Rankings 2021 by subject» ең беделді пәндік рейтингісіне Қазақстанның үш университеті кірді - Сәтбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша  THE * WUR 2021 by subject рейтингісі Сәтбаев Университетінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік және білім беру қызметтерінің нәтижелерін екі беделді пәндік категория - «Physical Sciences» және «Engineering and Technology» бойынша жоғары бағалады.

Сәтбаев Университеті химия, геология, экология, жер және теңіз ғылымдары, математика және статистика, физика және астрономияны қамтитын «Physical Sciences» санатында 601-800 диапазонында және химиялық инженерия, азаматтық инженерия, электротехника және электроника, жалпы инженерия, машина жасау және авиация құрылысын қамтитын «Engineering and Technology» санатында 801-1000 диапазонында сәтті дебют жасады.

THE (Times Higher Education) World University Rankings - әлемдегі ең беделді университеттер рейтингісінің бірі, рейтингте жарияланған барлық университеттер мұқият сарапталып таңдалатының атап өткен жөн.

Рейтинг нәтижелерімен ресми сайтта танысуға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту