Сәтбаев Университеті Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
6 қазан күні Сәтбаев Университеті мен Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Алдағы ынтымақтастық қарым-қатынас Қазақстанның тау-кен ғылымының басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге және ұрпақтар тәжірибесіне негізделе отырып, тау-кен кешенінің үйлесімді дамуына бағытталады. Ынтымақтастық қарым-қатынас аясында сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі кешені үшін мамандарды даярлау мен қайта даярлау ісіне көбірек көңіл бөлінетін болады.
Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы 2016 жылы құрылған. ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, академик Нұрлан Рыспанов академияның тұңғыш президенті болып бірауыздан сайланды, ал ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Галиев вице-министр атанды. «Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының хабаршысы» ғылыми журналы академияның жұмыстық ақпараттық платформасы ретінде құрылды.