21 желтоқсан 2022 3252

Сәтбаев Университеті Ұлықпан Сыдықовтың 75 жылдығына арналған конференцияға шақырады

Сәтбаев Университеті Ұлықпан Сыдықовтың 75 жылдығына арналған конференцияға шақырады

2023 жылдың 10 қаңтар күні еліміздегі техникалық білімінің қара шаңырағы Satbayev University - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының, ҚР педагогика ғылымдары академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Ұлықпан Есілханұлы Сыдықовтың мерейлі 75 жасқа толуына арналған «Рухани әлем және ақпараттық-техникалық қоғам» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Өткізілетін күні: 10 қаңтар 2023 жыл

Конференция жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. Ақпараттық-техникалық қоғамның өзекті мәселелері.
  2. Инженерлік ой жүйе және руханият.
  3. Жаһандану, ақпараттандыру және ұлттық тәрбие.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комиссиясының мекенжайына келесі материалдарды жіберу қажет:

  1. Үлгі бойынша өтініш (сілтемені қараңыз).
  2. Баяндама мәтіні.

Ұйымдастыру комиссиясының байланыстары: тел. +7(727) 257-71-95, s.manapova@satbayev.universty

Көбірек

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту