Сәтбаев университеті үшін Now Publishers Foundations and Trends кітапханасы 30 маусымға дейін ашық
Сәтбаев университеті Institute of Electrical and Electronics Engineers (IEEE) қауымдастығымен бірлесе отырып, Now Publishers баспасының Foundations and Trends Technology eBooks Library электронды кітаптар кітапханасына тегін түрде тестілік рұқсатқа қол жеткізіп отыр. Үстіміздегі жылғы 30 маусымға дейін оны пайдалану мүмкіндігі бар.
IEEE қауымдастығы (Электрика және электроника инженерлері институты) – электрика және электроника саласындағы стандарттаумен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі. «Now Publishers Foundations and Trends» технологиялары жөніндегі электрондық кітаптар топтамасының қатарына инженерия және ақпараттандыру саласындағы жаңа технологияларға арналған 2004 жылдан бері жарыққа шығып келе жатқан 525 кітап жатады. Бұл кітаптар докторанттармен қатар корпоративті инженерлер мен ғылыми қызметкерлерге де арналған.
- Scopus SCImago SJR басылымында жарық көрген Топ-10 жарияланымдары бар 525-тен артық кітапқа қол жеткізуге болады.
- Инженерия, энергетика және ақпараттандыру саласы бойынша 150 беттік көлемді монографиялар түріндегі оқу құралдары мен қысқаша сипаттамалары бар.
- Оқулықтар тереңдете білім беретін қазіргі заманғы білім беру материалдарымен толықтырылған.
- Жаңа технологиялардың тұтас қамтитын шолуларына ертерек қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Кітапхана қол жетімді болу үшін, кітапхана сайтындағы авторлық терезеге (Institutional sign in) логин мен құпиясөзді енгізіңіз.
Егер Сізде қандай да бір сұрақ туындаса, қолданушыларға көмек беруші орталыққа мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: sales.support@mikroinfo.com
«Foundations and Trends Technology eBooks Library» топтамасына енгізілген кітаптар EBSCO Discovery Service жүйесімен біріктірілген және оларға Сәтбаев университетінің кітапханасы сайтының бас парақшасында қол жеткізуге болады.