Ақпарат:

15 тамыз 2024 2559

Сәтбаев Университеті ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарын өңдеуді жақсартады

Сәтбаев Университеті ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарын өңдеуді жақсартады

Сәтбаев Университетінің жас ғалымдары, PhD докторы Ерік Меркібаев пен 3-курс студенті Тамерлан Балтабай «Балауса» компаниясымен бірлесіп, профессор Сұлтан Юлусовтың жетекшілігімен ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарын зерттеу үстінде. Аталмыш жоба ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарын өңдеудің ұтымды технологиясын әзірлеуге, яғни қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ванадий, молибден, никель және техникалық натрий гидроалюминатын бөліп алуға бағытталған. Ал зерттеу нысаны ретінде «Балаусаусқандық» кен орнындағы ванадий өндірісінің техногендік қалдықтары пайдаланылады.

Ванадий – болат өндіру, энергия жинау және катализ секілді әртүрлі салаларда кеңінен қолданылатын өзгермелі металл. Оның жоғары беріктігі, коррозияға төзімділігі және тұрақты қосылыстарды қалыптастыру мүмкіндігі сияқты тамаша қасиеттері оны осы салаларда теңдесі жоқ таптырмас металға айналдырады. Соңғы кездерде әртүрлі көздерден ванадий алу мен оны өңдеуге айтарлықтай көңіл бөлініп отыр, сөйтіп бұл элементке деген сұраныс та артуда. Ванадий кендері мен өнеркәсіп қалдықтарын тиімді түрде қайта өңдеу осы маңызды ресурсты тұрақты жеткізіп отыруды қамтамасыз етудің негізгі факторына айналды.

Өнеркәсіп қалдықтарын сілтісіздендіру кезіндегі басты қиындық – шикізатта ванадий қалдықтары «ванадий қолалары» түрінде ғана болуы, яғни ванадий концентратын күйдіру кезінде оны V2O5 натрий оксидімен балқытқанда түзілетін зат. Никель NiAl2O4 шпинельдерінде кездеседі, бұл оларды бөліп алуды қиындатады. Ал металдарды тиімді түрде бөліп алу үшін шикізатты өңдеуге басқаша көзқарас талап етіледі. Міне, ғалымдар тобы қазір дәл осы мәселемен айналысуда.

Зерттеу барысында 60 °С температурада түрлі қышқылдарды қолданып, ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарынан түсті және сирек кездесетін металдарды шаймалап алу бойынша тәжірибелер жүргізілді. Ванадий бөліп алу бойынша 90%-ға, никель 78% және молибден 96%-ға максималды дәрежеде қол жеткізілді.

Зерттеу ИРН AP19676107 «Ванадий өндірісінің техногендік қалдықтарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу» атты гранттық жобасы, сондай-ақ Қанай Рысбеков пен Татьяна Чепуштанованың жетекшілігімен бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында (жоба № BR21881939 – «Тау-кен металлургия кешені үшін ресурс үнемдейтін энергия өндіруші технологияларды әзірлеу және инновациялық инженерлік орталық құру») «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасында жүргізіледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту