Сәтбаев университеті Warner Surveys компаниясымен ынтымақтастық қарым-қатынасқа қол қойды
Меморандумда Сәтбаев университеті мен Warner Surveys компаниясының қазақстандық өкілдігімен арадағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісім-шартқа қол қойылды. Сонымен қатар осы келісім-шарт негізінде өзара тиімді болып жасалатын қарым-қатынастар мен жүргізілетін жұмыстардың бағыты қарастырылды. Warner Surveys компаниясының қолдау көрсетіп, демеушілік жасайтын нақты бағыттары – студенттерге сандық технологияларды дамыту жөнінде қосымша білім беретін курстар, жобалар және осы тақырыпта өтетін көптеген іс-шаралар.
Сондай-ақ бұл бағдарламаның жұмысына О. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты белсене қатысып, болашақ топографтар мен геодезистердің кәсіби біліктілігін дамыту жұмысына қолдау көрсетеді.
Warner Land Surveys Limited – топографиялық және инженерлік-геодезиялық қызметтің бірнеше түрлерін ұсынатын компания. Ол топографиялық фототүсірімдермен айналысатын шағын фирма ретінде 1979 жылы құрылған болатын. Бас штабы Рединг қаласында орналасқан, сонымен қатар Лондон, Бристоль, Бирмингем, Алматы қалаларында оның өкілдіктері бар. Компания мұнай-газ және құрылыс салаларында аса көп шығындарды қажет ететін күрделі жобаларды жүргізумен айналысады.