2 ақпан 2024 1820

Сәтбаев Университеті Webometrics рейтингі бойынша жоғары көтерілуде

Сәтбаев Университеті Webometrics рейтингі бойынша жоғары көтерілуде

2024 жылдың қаңтар айында Webometrics рейтингі жаңартылды. Сәтбаев Университеті әлем бойынша 3059-орыннан 2520-орынға көтеріліп, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында үшінші орынға ие болып, өз позициясын жақсартты. Бұл тамаша жетістік – университеттің желілердегі белсенді жұмысы жақсарғанының және пайдаланушыларды сапалы ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған еңбегінің дәлелі.

Webometrics – университеттер мен жоғары оқу орындарының желілерге онлайн-қатысуын және көрінуін өлшейтін кеңінен танылған рейтинг жүйесі. Webometrics рейтингі 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал Қазақстандағы университеттерді 2012 жылдан бері бағалайды. Бұл қолданушылар белсенділігі, веб-ресурстардың мазмұн сапасы және дизайны сияқты әртүрлі параметрлерді ескере отырып, оның тиімділігі мен танымалдығын анықтайтын беделді өлшем. Рейтинг үнемі жаңартылып тұрады да, студенттер, оқытушылар мен университет үшін құнды ақпарат беріп отырады.

Сәтбаев Университеті соңғы 10 жылда өзінің имиджі мен Интернет желісіне қатысуын жақсарту бойынша қарқынды жұмыстың, сондай-ақ цифрландыру саласына қосып отырған күш-жігерінің арқасында Webometrics рейтингі бойынша тұрақты түрде өсіп келеді. Сөйтіп университет өз қызметінің барлық аспектілерінде сапа мен инновацияларға ұмтылып отырғанын растайды.

Ал біз университет өмірі, оқу бағдарламалары, ғылыми зерттеулер мен қызықты оқиғалар туралы өзекті ақпарат ұсынатын веб-порталымызды одан әрі дамыта бермекпіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.