Сәтбаев Университеті Webometrics рейтингінде төртінші орынды сақтап қалды
2023 жылдың ақпан айында Webometrics рейтингі жаңартылды. Осы тізімде Сәтбаев Университеті республика бойынша құрметті төртінші орынды және әлем бойынша 3425-орынды сақтап қалды, сөйтіп бұрынғы тізімді жақсартты. Webometrics – университеттер мен жоғары оқу орындары арасында кеңінен танылған рейтинг жүйесі, рейтинг бойынша олардың онлайн қатысуы және ашық көрінуі есепке алынады. Рейтинг үнемі жаңартылып отырады және студенттер, оқытушылар мен университеттер үшін құнды ақпарат беріп отырады.
Соңғы үш жарым жылда Сәтбаев Университеті Интернет жүйесінде өз абыройын арттыра отырып және Интернетке шығуын жақсарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу арқасында, сондай-ақ бар күш-жігерін цифрландыру саласына шоғырландыру арқасында өз позициясын 13 000-нан астам орынға жақсартты.
Webometrics рейтингі 2004 жылдан бері жұмыс істейді, ал Қазақстанның университеттерін 2012 жылдан бері бағалайды. Рейтингтің негізгі бағыты – университеттердің ашық ғылыми зерттеулерге ұмтылысын және білімге тең дәрежеде қол жеткізе алу қабілетін бағалау болып табылады. 2022 жылы рейтингтің әдістемесі жаңартылды, яғни жалпыға қолжетімді зерттеулердің саны мен сапасына көбірек басымдылық берілетін болды.
Сәтбаев Университетінің осы рейтинг бойынша жоғарылауы – университеттің онлайн-қатысуын нығайту және оның имиджін жақсарту үшін қызметкерлер мен студенттердің қажырлы түрде аянбай еңбек етуінің дәлелі болып табылады. Университеттің рейтинг бойынша көтерілуіне сонымен қатар цифрландыруға және қызмет көрсетуді жақсарту үшін технологияларды пайдалануға ерекше мән беруі де үлкен әсер етті.
Жалпы алғанда, Сәтбаев Университетінің Webometrics рейтингі бойынша жоғары нәтижелерге жетуі оның сапалы білім беруге және жоғары білім саласындағы соңғы жаңалықтардан қалыс қалмауға деген ұмтылысын көрсетеді.