Сәтбаев Университеті жаңа спорттық оқу жылын бастады
Ұзақ үзілістен кейін таза ауада дене шынықтыруға, энергия жинауға мүмкіндік туды – Сәтбаев Университеті студенттер мен қызметкерлер үшін ашық спорттық іс-шараларды өткізуді қайтадан бастады.
– Командамызға қайтадан оралғанымызға өте қуаныштымыз, – дейді спортклуб жетекшісі Виктория Лактионова. – Біз жарыстың басталуын асыға күтудеміз. Бәрі тамаша болады деп ойлаймын.
Спорт – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орны өмірінің ең үлкен бөлігі. Университеттің спорттық клубы студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын жақсартып, иммунитетін көтеруге мүмкіндік беретін белсенді орталықтардың бірі болып табылады.
Биылғы жылы спортклуб өз жұмысын әдеттегідей қалыпта жалғастыра отырып, оқу жылында өтетін спорттық шаралар бағдарламасын жариялады. Алдағы жоспарда – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат турнирі және университет оқытушылары арасында өтетін дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы.
Сәтбаев Университетінің 2021–2022 оқу жылына арналған спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының күнтізбесі
№ |
Іс-шаралар |
Өтетін мерзімдері |
1 |
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студенттері арасында өтетін Президенттік тест |
2021 ж. 31 қазан – 2022 ж. 17 сәуір |
2 |
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат турнирі |
2021 ж. қараша |
3 |
Университет құрама командаларының ҚР БжҒМ ұйымдастырған студенттік лигаларға қатысуы (футбол, баскетбол, волейбол) |
ҚР БжҒМ ережелері бойынша, федерациялар |
4 |
Университет құрама командаларының кездесулері (футбол, баскетбол, волейбол, стол теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, мас-рестлинг, армрестлинг, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, қазақша күрес) |
Жыл бойына |
5 |
Жатақханада тұратын студенттер арасында спартакиада |
25 қазан – 13 қараша 2021 ж. |
6 |
Университет құрама командаларының қалалық, республикалық және халықаралық маңызы бар жарыстарға қатысуы |
Жыл бойына |
7 |
Институттар арасында спорттың 8 түрінен спартакиада (баскетбол, волейбол, футбол, мас-рестлинг, стол теннисі, армрестлинг, шахмат, тоғыз құмалақ) |
2022 ж.1 наурыз –30 сәуір |
8 |
Университеттің профессор-оқытушылары арасында өтетін «Денсаулық» спартакиадасы |
2022 ж. 23–28 мамыр |