Сәтбаев университеті "Жылы жүрекпен жақсы іс" акциясын өткізді
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қолдау мақсатында Сәтбаев университеті «Асыл қазына» жобасын іске асырып келеді. Бұл аталмыш жобаның төрт кезеңінің бірі – «Жылы жүрекпен жақсы іс» кезеңі.
Алматы облысы, Іле ауданы, Жапек батыр ауылы №4 орта мектебінің 9 отбасы – 43 бала мен ата-аналары және Чапай ауылы №45 орта мектебінің 5 отбасы – 16 бала мен ата-аналары киім-кешек, аяқ киім, мектеп сөмкесі мен оқу құралдары, ойыншықтар және үйге қажетті заттармен, көмірмен және әр отбасы 30 кг-нан азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Аталған 14 отбасына университет атынан «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» және келе жатқан «Жаңа 2019 жыл» мерекесімен құттықтау қағаздары және жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Аталған жобаға белсенділік танытқан университет қызметкерлеріне зор алғыс білдіреміз.
Мейірімділік әр адамның жүрегінде бар, тек соны оятсақ болғаны...
«Асыл қазына» жобасына қатысқыңыз келсе, 257-71-26 немесе 8-702-231-71-29 телефон нөміріне хабарласыңыз (Айгерім Бақдәулетқызы).