Ақпарат:

6 қыркүйек 2023 5351

Сәтбаев Университетінде алғашқы университеттік Тұрақты даму орталығының ашылу салтанаты өтті

Сәтбаев Университетінде алғашқы университеттік Тұрақты даму орталығының ашылу салтанаты өтті

Сәтбаев Университетінде «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары: экологиялық қауіпсіздік қағидаттары» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында Тұрақты даму жөніндегі орталықтың – Қазақстанда университет жанынан ашылған алғашқы орталықтың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шара аясында университеттің Тұрақты даму мақсаттар жөніндегі стратегиясы қабылданды.

Іс-шараға БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, БҰҰ Жаһандық шартының өкілі Динара Сейітжапарова, ҚР Сыртқы істер министрлігі Саяси ынтымақтастық департаментінің басшысы Алмаша Аренова, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы экология және энергетика департаментінің директоры Әсел Нұрбекова, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы ғылым және технологиялар жөніндегі консулы Чжан Вэй және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне еліміздің су қауіпсіздігі мен білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері де кіреді. Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте осы мәселелерді шешуге арналған.

Сәтбаев Университеті БҰҰ Жаһандық шартына енгізілген Қазақстан Республикасындағы бірінші және әзірге жалғыз университет болып отыр. Бұл университетке тұрақты дамудың 17 түрлі мақсатын ұлттық және жаһандық деңгейде белсенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде: кедейшілікті жою, аштықты жою, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту, сапалы білім беру, гендерлік теңдікті қалыптастыру, халықты таза сумен қамтамасыз ету және санитарияны сақтау, т.б.

В Satbayev University состоялось торжественное открытие первого университетского Центра по устойчивому развитию

Университет жанынан ашылған Тұрақты даму орталығы қоғамның тұрақты дамуының практикалық шешімдерін әзірлеуге арналған және ол өзгерістердің бастамашы күшіне айналары сөзсіз. Орталық қоршаған ортаға адамның әсерін азайтуға көмектесетін және тұрақтылық мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы адамдарды хабардар етуді арттыруға көмектесетін жаңа технологиялар мен әдістерді әзірлейтін болады.

Іс-шараға жиналған қауым осындай маңызды орталықтың ашылуын жоғары бағалады, өйткені ол экономиканы дамытып, қоғамның тұрмыс жағдайын жақсартуда шешуші рөл атқаратын болады. Университеттің «жасыл университет» құру жолындағы барысын қолдау мақсатында және Орталықтың ашылуына орай университеттің іскерлік серіктесі Сәбденов Дәурен Асқарұлы Сәтбаев Университетіне екі электромобильді – атап айтқанда, 1-ші буынды екі HONDA кроссоверін сыйға тартты.

В Satbayev University состоялось торжественное открытие первого университетского Центра по устойчивому развитию

– Жолдан адаспау үшін, біз бәріміз бір бағытта жүруіміз керек. Мұнда біз әрқайсымызға қандай да бір себептермен әсер ететін мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп әзірлейтін боламыз», – деді Орталықтың ашылу салтанатында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Бірлескен алғашқы қадам – «БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары: экологиялық қауіпсіздік қағидаттары» атты халықаралық дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның экологиялық қоғамдастығын Сәтбаев Университеті жанына біріктіру, сондай-ақ адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелердің сенімді және тиімді шешімдерін ілгерілетуді дамыту үшін жүргізілетін зерттеулерді жеделдету және үйлестіру болып табылады.

В Satbayev University состоялось торжественное открытие первого университетского Центра по устойчивому развитию

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту