Ақпарат:

29 желтоқсан 2023 4073

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Боранбай Ратовтың бастамасымен және ғылыми жетекшілігімен «Алмас бұрғылау құралдары» ғылыми-өндірістік зертханасы ашылды.

Жаңа техниканың алғашқы сынақтары Қарсақпай кен орнында жүргізілді, онда Қаныш Сәтбаев тұрған еді. Бұл кен орнында мыс қорыту зауытына арналған жабдықтар бір кездері Англиядан, Германиядан, Зингер зауытынан әкелінген болатын, олар күні бүгінге дейін сақтаулы. Жаңа жабдықтар дәл осы кәсіпорында сынақтан өтіп, терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде өте жақсы нәтижелер мен жоғары тиімділік көрсетті. Бұлардың артықшылығы – жылдам және сапалы бұрғылайды, әрі уақыт пен қаржыны үнемдейді.

Бұрғылау құралдарын жасау – металлургия және машина жасау сияқты салаларды біріктіретін күрделі процесс. Ғалымдар материалдарды адамның қатысуынсыз өңдеу үшін арнайы жабдықты пайдаланады. Олар сонымен қатар болашақ бұрғылау қашауларының сапасын жақсарту үшін, әртүрлі технологиялар мен қорытпаларды зерттейді.

Бұл бұрғылау құралдарының жаһандық нарығындағы жағдайды өзгертуге және қымбат шетелдік әзірлемелер үшін отандық аналогтарды жасауға бағытталған тиімді әзірлеме. Ал зертхананың ашылуы абразивтік кен орындарын іске қосуды тездетеді, сөйтіп Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.  

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде «Алмас бұрғылау құралдары» зертханасы ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту