Ақпарат:

22 қыркүйек 2025 426

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

20 қыркүйек күні Сәтбаев университеті Алматы қаласының тұрғындарын Қала күнімен құттықтап, Мұнай корпусының алдындағы кампуста концерттік бағдарлама ұйымдастырды. «MeirBAND» және «NAIZA» атты студенттік музыкалық топтар қала тұрғындары мен студенттер алдында өнер көрсетіп, көрермендерге «Алматының кешінде» және «Гүл Алматы» сияқты сүйікті әндерді тарту етті.

Концертке Бостандық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев қатысып, студенттер мен қала тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтаса, университет ұжымы да оңтүстік астана тұрғындарын Қала күнімен құттықтады.

Осы мерекелік концертті ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, ғимаратты ерекше әсем жарықпен безендіргені үшін Сәтбаев университеті қала әкімдігіне алғыс білдіреді, ал сүйікті қаламыз одан әрі құлпырып, өркендей берсін дей отырып, оған бақыт пен шабыт тілейді!

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту