28 қараша 2019
3661
Сәтбаев университетінде Америкадан келген профессор студенттерге дәріс оқуда
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында 2019 жылдың 19 қарашасынан бастап Мичиган технологиялық университетінің профессоры, техникалық ғылымдар докторы Шульц Роман Владимирович дәріс оқып, семинар сабақтарын өткізуде. «Geospatial monitoring» бағдарламасы бойынша дәріс пен семинарлар «Геокеңістіктік сандық инженерия» оқу бағдарламасының 3-курс бакалавр студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына бағытталып оқылуда. Дәріс курсында инженерлік ғимараттар мен геодинамикалық үрдістерді геокеңістіктік бақылаудың негізгі принциптері мен әдістері қамтылған.