Ақпарат:

17 желтоқсан 2024 843

Сәтбаев университетінде AqwaKO3 инновациялық су тазарту жүйесі таныстырылды

Сәтбаев университетінде AqwaKO3 инновациялық су тазарту жүйесі таныстырылды

Су қоймаларының ластануы халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығына кері әсер етеді, сондықтан суды және су қоймаларын тазарту – тұрақты дамуды қолдаудың маңызды бөлігі. Сәтбаев университеті осы мақсатқа жетуге өз үлесін қосып, өнеркәсіпте де, тұрмыста да қолдануға болатын инновациялық су тазарту әдістерін әзірлеуде.

Осындай жүйелердің бірі университет қабырғасында өткен семинарда таныстырылды. Қатысушылар ауыз су сапасының өзекті мәселелерін талқылап, AqwaKO3 инновациялық мультисистемалық қондырғысының мүмкіндіктерімен танысты. Семинарды ұйымдастырушылар – Сәтбаев университеті және «Snab Service Resourse» компаниясы.

Іс-шара ғылыми қауымдастықты, бизнесті және тұтынушыларды біріктіріп, маңызды экологиялық және технологиялық мәселелерді талқылауға арналған табысты алаңға айналды. Семинар қонақтары – бизнес иелері, оқу орындарының өкілдері, жеке сатып алушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар бұл инновациялық су тазарту жүйесімен танысып, оны қолдану мәселелерін талқылады.

AqwaKO3 қондырғысы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Оның негізінде бірнеше тазарту әдістерін біріктіретін инновациялық, гибридті технология жатыр, бұл қауіпсіз және сапалы ауыз суды алуға мүмкіндік береді. Қондырғы суды микроорганизмдерден, химиялық қоспалардан тазартып, судың қажетті тұздық құрамын сақтайды.

AqwaKO3 жобасы университет қабырғасында Үмбетәлі Сарсембиннің жетекшілігімен әзірленіп, «Ғылым қорының» қолдауымен Сәтбаев университетінің базасында жүзеге асырылды және жақын арада қазақстандық нарыққа шығатын болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту