24 желтоқсан 2021 3352

Сәтбаев университетінде ARISTAN GROUP холдингімен қарым-қатынас жұмыстарының қорытындысы бойынша конференция өтті

Сәтбаев университетінде ARISTAN GROUP холдингімен қарым-қатынас жұмыстарының қорытындысы бойынша конференция өтті

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанда Сәтбаев университетінде Энергетиктер Күніне ұйымдастырылған "ARISTAN GROUP холдингінің 2021 жылдағы жұмыс нәтижелері және өндіріс пен кадрларды даярлауда өзара білім беру" конференциясы өтті. Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты мен ARISTAN GROUP бірлесіп ұйымдастырған конференция сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары, дизайн, инженерлік жүйелер мен желілер, энергетика мәселелеріне арналды және студенттер мен магистранттар арасында қызығушылық тудырды.

Конференция Сәтбаев университенің ректоры Мейрам Бегентаев пен ARISTAN GROUP басқарма төрағасы Бақытбек Катеннің құттықтау сөздерімен басталды.

Конференция барысында бітіруші курс студенттері мен магистранттар ARISTAN GROUP компаниялары тобының қызметімен, олардың жемісті жұмысының нәтижелерімен, өндірістік қиындықтарымен және болашақтағы жобаларымен танысты. Холдингтің әрбір компаниясының баяндамалары жан-жақты қызмет түрлерінің, шетелдік компаниялармен ынтымақтастығының, инновациялық халықаралық жобаларға қатысуының арқасында өте қызықты және креативті болды.

Кофе-брейк кезінде конференция қатысушылары өздерінің жобалары мен болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті, сауалнама арқылы болашақ сәулетшілермен, дизайнерлермен, инженерлермен, құрылысшылармен және энергетиктермен кері байланыс орнатылды.

Сәтбаев университеті мен ARISTAN GROUP басшылығы болашақ сәулет, құрылыс, инженерлік жүйелер және желілер, энергетика мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастық, оның ішінде өндірістік практикадан өту, құрылыс отрядтарын жаңғырту, дуальді оқыту жоспарларын талқылады.

ARISTAN GROUP - бұл көп салалы құрылыс компаниясы, Сәтбаев университеті түлектерін, атап айтқанда, электр, жылу, желдету, сумен жабдықтау, конструкторлық бөлшектерді жобалау, дизайнер-жобалаушылар, өндіріс инженерлері, энергетиктер, құрылысшылар және т.б. мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыруға мүдделі, бас мердігерлік нарығындағы қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі.

В Satbayev University состоялась конференция, посвященная итогам сотрудничества университета с ARISTAN GROUP

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту