Ақпарат:

27 ақпан 2025 719

Сәтбаев университетінде белгісіздік әлеміне сәтті бейімделуге көмектесетін семинар өтті

Сәтбаев университетінде белгісіздік әлеміне сәтті бейімделуге көмектесетін семинар өтті

Оқытудың жаңа әдістері – Сәтбаев университетінің оқытушылары мен студенттерін қызықтыратын пәндердің бірі. Білім берудің жаңа тәсілдеріне үйрету үшін университетте британдық профессор Марчелло Старикофф «Білместік қуанышы және ештеңе білмеу неге соншалықты жақсы!» атты семинар өткізді. Спикер студенттер мен оқытушыларға ой икемділігін дамытуға және белгісіздік әлеміне сәтті бейімделуге көмектесетін инновациялық тәсілді ұсынды.

«Білім беру саласында жұмыс істеген барлық кездерімде: студенттер пәндерді тек оқып-үйреніп қана қоймай, оқу үрдісінен де қуаныш сезінуін қалайша қамтамасыз етуге болады деген сұрақ мені қатты қызықтырушы еді, – деді Марчелло. – Бұл ретте маған белгісіздік, қиыншылық пен сынақ жағдайында өздерін өте ыңғайлы сезінетін ғалымдардың тәжірибесі көмектесті. Мына ойлау тәсілі өте ерекше, оны білім беру үрдісіне енгізу өте қызғылықты».

Марчелло Старикофф – Sussex университетінің профессоры, «The Joy of Not Knowing» кітабының авторы, ЮНИСЕФ кеңесшісі және білім беру жүйесін зерттеуші. Оның әдістемесі студенттерге жай білім беріп қана қоймай, оларға сыни тұрғыдан ойлауды, әртүрлі көзқарастарды қарастыруды және өмірдегі жетістіктерінің негізіне айналатын ізденімпаздық рухын дамытатын оқу ортасын құруды үйретуге негізделген.

Сәтбаев университеті студенттерді заманауи әлемнің сын-қатерлеріне дайындай отырып, халықаралық сарапшылардың тәжірибесін оқу үрдісіне енгізуді жалғастыруда. Семинар болашақ мамандардың бойында шығармашылық ойлау қабілетін және бейімділігін дамытуға бағытталған бастаманың бір бөлігі болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту