Сәтбаев университетінде докторантураға қабылдау 22 тамызға дейін ұзартылды
Сәтбаев университеті Сізді докторантураға түсуге және 217 білім беру гранттарының біріне ие болуға шақырады!
Докторантурадағы оқу бағдарламалары зерттеу жұмыстарына басымдылық жасайтын ғылымдар саласы бойынша таңдаулы инженерлік білім береді. Оқу барысында шетелдік жетекші мамандардың басқаруымен университеттің ғылыми жобаларына қатысуға мүмкіндік бар. Докторанттарға екі ғылыми жетекші беріледі: біреуі – Сәтбаев университетінен, ал екіншісі – шетелдік серіктес университеттен.
Бағдарламалар мол тәжірибелі білім беру базасына сүйене отырып жасалған, әрі келешекте жоғары мансапқа жетуге жол ашады. Ағылшын тілін оқытуға аса зор көңіл бөлінеді. Докторанттар үшін шетелден арнайы шақыртылған профессорлар күн сайын дәріс оқиды. Университеттің халықаралық кең байланыстарына орай студенттер шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында оқуға немесе тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Докторантураға түсу үшін талап етілетін еңбек өтілінің мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысы бойынша қысқартылған болатын. 2019 жылдан бастап докторантураға «магистр» дәрежесі бар және кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Оқу барысында зерттеу жұмыстарына және практикаға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да оқу бітіріп, докторлық дәрежеге ие болғаннан кейін біздің түлектер экономиканың шешуші салаларындағы кәсіпорындарда жетекші және басшы маман ретінде инновациялық жобаларды іске асыруға дайын болып шығады.
Сонымен, 30 білім беру бағдарламаларының бірін таңдап алыңыз:
- Жобаларды басқару
- Биоэкологиялық инженерия
- Гидрогеология және инженерлік геология
- Қолданбалы және инженерлік физика
- Management Information systems
- Software Engineering
- Machine Learning & Data Science
- Кибернетика және жасанды интеллект
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Телекоммуникациялар
- Жаңа органикалық және полимерлік материалдар өндірісі мен синтезінің негізгі үдерістері
- Көмірсутектік қосылыстардың химиялық инженериясы
- Инновациялық технологиялар және жаңа неорганикалық материалдар
- Электроэнергетика
- Автоматтандыру және роботтау
- Материалтану және инженерия
- Робототехника және мехатроника
- Биомедициналық инженерия
- Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы
- Машина жасау өндірісін цифрлау
- Аддитивті өндіріс
- Мұнай-газ және тау-кен геофизикасы
- Мұнай инженериясы
- Тау-кен инженериясы
- Металлургиялық инженерия
- Геология және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
- Мұнай және газ геологиясы
- Сәулет және қала құрылысы
- Геокеңістіктік сандық инженерия
- Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкциялар өндірісі
Құжат қабылдау мерзімі 22 тамызға дейін ұзартылды. Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар:
+7(727) 320 40 71
+7(777) 398 18 57
phd@satbayev.university