Ақпарат:

12 маусым 2023 4469

Сәтбаев Университетінде Дүниежүзілік банктің «Академиялық артықшылық саласындағы бастамалар» атты семинары өтті

Сәтбаев Университетінде Дүниежүзілік банктің «Академиялық артықшылық саласындағы бастамалар» атты семинары өтті

09 маусым күні Сәтбаев Университеті Дүниежүзілік банктің еліміздің жақын болашақтағы білім саласын дамытуға арналған «Академиялық артықшылық саласындағы бастамалар: халықаралық тәжірибе, озық практика және Қазақстан үшін сабақтар» атты семинарының алаңына айналды.

Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің онлайн режимде сөйлеген баяндамасымен басталды, ол Қазақстандағы жоғары білімнің алдында тұрған міндеттер, оларды шешу жолдары мен еліміздің осы саладағы саясаты туралы жан-жақты талқылады. Министр негізгі шешім болатын академиялық артықшылық бағдарламасы өз ықпалын бүкіл елге тарату және жергілікті қауымдастықтардағы өзгерістер агенті ретінде әрекет ету үшін, ең алдымен аймақтық бастама болуы керектігін атап өтті.

Академиялық артқшылықтарға ұмтылу – бүкіл әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының басты атрибуты болып табылады. Бұл термин студенттерге тамаша білім беру тәжірибесін ұсынатын және қоғамның ілгерілеуіне елеулі үлес қосатын ортаға ғылыми-зерттеу, оқыту және қызмет көрсетуде әлемдік деңгейдегі сапаға ұмтылу керектігін білдіреді. Академиялық артықшылық бастамалары мықты институттық қабілетті қалыптастыруда және инновациялық тәжірибені дамытуда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзілік банк көптеген басқа даму агенттіктері сияқты білім беру саласындағы дамуға көп көңіл бөледі.

Семинар барысында Дүниежүзілік банк мамандары мен шетелдік сарапшылар әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәжірибелерімен, үздік тәжірибелерімен және академиялық артықшылықтар бастамалары саласындағы жаңа идеяларымен бөлісті. Қонақтар Қытай, Тайвань, Германия елдерінің тәжірибесімен, қаржыландыру тетіктерімен танысып, Қазақстандағы жоғары білім саласындағы және жоғары білікті оқытушыларды даярлау жөніндегі болашақ бастамаларды талқылады.

Семинар тыңдаушыларды Дүниежүзілік банктің жоғары білім берудегі озық бағдарламаларды дамытудың халықаралық тәжірибесі бойынша сараптамалық талдауының қорытындыларымен таныстырды, осы бастаманы қазақстандық білім беру жүйесіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге, университеттік жоба командаларының біліктілігін арттыруға және қатысушылардың академиялық артықшылық тұжырымдамасы жөніндегі түсінігін кеңейтуге көмектеседі.

Семинарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Дүниежүзілік банкпен (ДБ) бірлесе отырып ұйымдастырды, оған ҒжЖБМ-нің өкілдері, халықаралық сарапшылар, Дүниежүзілік банк және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Негізгі баяндамашы-спикерлер: Айеша Вавда – Дүниежүзілік банктің білім беру жөніндегі жетекші маманы; Алекс Ашер – Президент, Higher Education Strategy Associates және Джамиль Салми – Жоғары білім беру саласы бойынша жаһандық сарапшысы.

Аталмыш шараны Дүниежүзілік банктің білім беру жөніндегі кеңесшісі Полина Завалина жүргізді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту