Ақпарат:

5 сәуір 2019 5246

Сәтбаев университетінде Едіге Түркебаев атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінде Едіге Түркебаев атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінің мерейтойына және көрнекті ғалымның туғанына 90 жыл толуына орай еліміздегі ең ірі техникалық жоғары оқу орнында Едіге Айтжанұлы Түркебаев атындағы аудитория ашылды.

Аталмыш аудиторияны ашудағы мақсат – ұрпақтар жалғастығын байланыстыра отырып және белгілі ғұлама ғалымдардың жетістіктерімен таныстыра отырып, студенттерде олардың еңбектеріне деген құрметті ұялату, сөйтіп үлгілі тәрбие беру деп атап өтті өз сөзінде Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының директоры Лейла Салықова.

В Satbayev University открыта аудитория имени Эдыге Туркебаева

– Едіге Айтжанұлы Түркебаев – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым. Біз өзіміздің тарихымызды білу арқылы факультетіміз бен университетміздің патриоттық абыройын асқақтатын боламыз, – деді профессор Лейла Салықова.

Ал ҚР ҰҒА-ның президенті, академик Мұрат Жұрынов өз сөзінде Едіге Түркебаевтың ғылыми еңбектері мен қызметіне тоқтала келіп, ғалымның Қазақстан экономикасына қосқан орасан зор үлесін де атап өтті.

– Инженер-металлург, экономист әрі академик Едіге Түркебаев еңбек жолын қатардағы шойын қорытушыдан бастап, еліміздегі ең ірі өндіріс орны – Қарағанды металлургия комбинатының басшысы мен республика көлеміндегі Экономика ғылыми-зерттеу институтының бас жетекшісіне дейін көтерілді, аспиранттан бастап академикке дейін жетті. Бұл терең теориялық білімді қолданбалы ғылыммен ұштастыра білген нағыз ғылым адамының еңбек жолы, – деді академик М. Жұрынов.

Е. Түркебаевтың ғалым ретінде қалыптасуына әсіресе Қаныш Сәтбаевпен кездесуі ерекше әсер еткенін де атап өтті М. Жұрынов.

– 1957 жылы Қазақстан аймағында өндіріс күштерін дамыту жөнінде өткен ғылыми конференцияға Едіге Айтжанұлы Қаныш Сәтбаевтың көмекшісі ретінде қатысты. Содан кейінгі жылдары Ғылым академиясының Президенті Қаныш Сәтбаевтың жеке нұсқауы бойынша Едіге Түркебаев ғылыми хатшы және Ғылым академиясы Химия-металлургия институтында жаңадан ашылған зертхананың меңгерушісі болып қызмет етті. Ол зертханада Қарағанды металлургия комбинатына арналған теориялық жұмыстар жүргізілетін еді, – деді М. Жұрынов.

Сондай-ақ Едіге Айтжанұлы шойын құю өндірісін жетілдіру жөніндегі зерттеулерін қатар жүргізді. Елімізде тұңғыш рет Теміртауда ашылған оттекті-конвертерлік қайта балқыту цехының құрылысына өзі арнайы басшылық етті. Сөйтіп, цехтың жұмысы Қарметкомбинатта шойын балқыту өндірісінің тиімділігін 25%-ға арттыруға көмек болды.

Оның  ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің халық шаруашылығында кеңінен қолданылып, отандық металлургия саласын одан әрі дамытуға зор үлес болып қосылды және жазған кітаптары мен ғылыми еңбектерінде жарық көрді.

В Satbayev University открыта аудитория имени Эдыге Туркебаева

В Satbayev University открыта аудитория имени Эдыге Туркебаева

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту